#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Қарағандының әкімі тұрғындардан кешірім сұрады

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылыту жұмыстарының кемшіліктеріне байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұрады.

Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жылыту жұмыстарының кемшіліктеріне байланысты қала тұрғындарынан кешірім сұрады, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kzбасылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ әкім қарағандылықтардың үйлері неге суық болатынын түсіндірді.

«Біріншіден, бұл — аймақтағы ұзаққа созылған аязға байланысты. Екіншіден, жыл басынан бері станцияда турбогенератордың жұмысына қатысты келеңсіз үш жағдай болды. Бұл жылу берудің 90 градусқа дейін төмендеуіне әкелді. Қазіргі уақытта станция тұрақты режимде жұмыс істейді және 109 градус жылумен қамтамасыз ету қалпына келеді. Үшіншіден, құбырлардың жылу жоғалтуына байланысты. Бұл мәселені шешу үшін осы осы жылдан бастап ауқымды түрде құбырларды жылу оқшаулау жабдықтарымен қамтамасыз етуді бастаймыз», — деді Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Соңғы жаңалықтар