#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Сенаторлар жұмыс сапарымен Шымкентке келді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында қалалық мәслихат депуттатарымен және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында қалалық мәслихат депуттатарымен және қалалық қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.
Сенаторлар ҚР Парламенті Сенатының 2020 жылғы қызметінің қорытындыларымен бөлісті. Депутаттар қоғамдық кеңестер қызметінің мәселелері бойынша жақында қабылданған заңның негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Қабылданған заңда қоғамдық кеңестердің ұйымдық тиімділігін, демократиялылығын, жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін оларды қалыптастыру және құру тетігін жетілдіру көзделген. Сондай-ақ мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдауына азаматтық қоғамды тарту тетігі жетілдірілетін болады.
Кездесу барысында Мәслихат депутаттары және бірқатар қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенділеріне атқарған қызметі бағаланып, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаевтың атынан Құрмет грамотасы мен Сенат төрағасының алғыстары табысталды. Айта кетейік, сенаторлар ертең Шымкентке жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап, тұрғындармен жүздеседі деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар