#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыда карантинге бағынбаған бизнес субъектілеріне 107 миллион теңге айыппұл салынды

Алматы іскерлерін қаншама жерден санитарлық нормаларды сақтауға шақырса да, карантиндік шараларды өрескел бұзып отырғандар жеткілікті.

Алматы іскерлерін қаншама жерден санитарлық нормаларды сақтауға шақырса да, карантиндік шараларды өрескел бұзып отырғандар жеткілікті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Бүгінде мегаполисте күшейтілген режімде 32 мониторингтік топ жұмысын жалғастырып жатыр. Басты міндет – санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау. COVID-19 таралуы бойынша Алматы «сары аймақта». Соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирус жұқтырғандар саны — 18639.

2020 жылдың 8 қазанынан 2021 жылдың 02 қаңтарына дейін 700 іс-шара өткізіліп, 5916 нысан қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 1142 (19,3%) нысаннан карантиндік шаралардың бұзылуы анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлігі бойынша шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы 107 млн теңгеден астам сомаға барлығы 997 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, соңғы аптада, 2020 жылдың 28 желтоқсаннан бастап 2021 жылдың 02 қаңтарына дейін 44 тексеру іс-шаралары жүргізілді, 337 нысан қамтылды, 23 (7%) нысаннан бұзушылықтар анықталды. Бұзушылықтардың басым бөлігі Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарына тиесілі.

462-баптың 1-тармағы «тексеру жүргізуге кедергі келтіру» және 462-баптың 3-тармағы «бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды орындамау» бойынша барлығы 17 материал сотқа қарауға берілді.
• Медеу ауданы – 11 шұғыл ескертпе бойыеша 7 материал («Манана»-2 мейрамханасы, «Отрар бар» (Танцы) -4 ЖШС, «Централ» -1 дәмханасы, «Hookan Dreems»-1 лаундж бары, «Глобал Фудэнд» ЖШС Небо-1 бары, «Оранжери Group» ЖШС рестобар-1, «BM Trade Company» ЖШС «Артист»-1 бары);
• Түрксіб ауданы — 4 материал («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы, «Шашлычный двор» дәмханасы);
• Алмалы ауданы — 3 материал («Арагоста» дәмханасы, «Дегирмен», «Дореми» караокесі);
• Әуезов ауданы – 462-бап бойынша 3 шұғыл ескертпе бойынша 3 материал ( «Мята»-1 лаунж бары, «Алмалы»-2 караоке-бары, «Playstation Go»-1 ойын клубы).

Бүгінгі таңда сот келесі нысандар бойынша 1 айға қызметін тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды: «До ре ми» караокесі — Бисенева Л. ЖК; «Дегирмен» дәмханасы – «ASM group» ЖШС; «Atlantis» бильярд клубы — Бижанов Р. ЖК; «Раяна» дәмханасы — Илахунов ЖК; «Прованс» — ДиСи Гарибян ЖК; «Hookan Dreems» дәмханасы – «Suddenly» ЖШС, «Оранжери» рестобары – «Оранжери Group» ЖШС. «Арагоста» диско бары – «АсЖан» ЖК бойынша — қызметін 3 айға тоқтата отырып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы шешім шығарылды.

Соңғы жаңалықтар