Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Пәкістанға сапары аясында бірқатар Елшілермен кездесті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар, Академия басшысы Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Ақан Рахметуллин, Түркия Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Мустафа Юрдакулмен екі жақты кездесулер өткізді. Елшілермен болған кездесулерде тараптар бауырластық байланыстарды нығайтуда Түркі академиясының маңыздылығын атап өтті.