#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Құмкент ауылы тұрғындарымен кездесті

Ауыл тұрғындары жиынға келген үміткерлерге саяси додада сәттілік тілеп, сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Абасов Қайнар Бегалыұлы, Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы, Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, Әлжанов Ролан Ізбасарұлы, Баймұсаев Бақдаулет Құрмашұлы, Бимырзаева Тансық Қабаққызы Құмкент ауылы тұрғындарымен кездесу жиынын өткізді.Кездесу барысында Қ.Абасов «Nur Otan»партиясының алдағы сайлау кезеңінде алға қойып отқан мақсаттары мен міндеттері туралы жан-жақты баяндаса, өз кезегінде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер М.Тұрысбеков Түркістан облысында атқарылатын жұмыстар жайлы айтып өтті. Созақ ауданы бойынша алдағы сайлауалды кезеңде атқарылатын жоспарлар мен міндеттер туралы Б.Байғараев хабарлама жасады. Мұнан соң ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныс пікірлерін жеткізіп, бірқатар мәселелер бойынша шешімін табуға ықпал ету туралы өтініш білдірді. Атап айтқанда Үшбас, Жылыбұлақ каналдарын күрделі жөндеулерден өткізу, Құмкент-Шолаққорған аралығындағы автокөлік жолын күрделі жөндеуден өткізу, сондай-ақ, ауылдық округті ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету туралы, ауылға жаңа спорт алаңшасын салып, пайдаланудағы ескі спорт алаңшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі туралы өтініштерін айтты. Өз кезегінде үміткерлер алдағы кезеңде сайлау нәтижесімен депутат болып сайланған жағдайда бұл мәселелердің толық назарда болатынын атап өтті. Ауыл тұрғындары жиынға келген үміткерлерге саяси додада сәттілік тілеп, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар