Айталық, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында облыстық мәслихат депуттатығынан үміткерлер Жансерік Мұсаханұлы мен Бадриддин Нышанкулов Сайрам ауданындағы «НИК» сауда орталығының қызметкерлерімен экспромпт кездесу өткізіп, өзара пікір алмасты.
Үміткерлер кездесу барысында партия тарапынан алдағы 5 жыл көлемінде аудандағы кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулар туралы жан-жақты баяндап берді. Төтенше жағдай кезінде аудан аумағында көптеген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер өзінің қызметін тоқтатқаны белгілі. Осы орайда партия зардап шеккен бизнес нысандарының қызметін қалпына келтіруге күш салмақ. Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады.
«Ол үшін партия «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен жыл сайын 11 кәсіпкерге қолдау көрсетуге, оның ішінде 6 жобаны субсидиялауға, 5-ін кепілдендіруге, 1-ін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және 2 азаматқа грант ұсынуды қолға алғалы отыр. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға жыл сайын 150 стартап гранттар мен 120 несие алуына жағдай жасауды, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес» курсымен жыл сайын 200-ден аса азаматты өз кәсібін ашуға оқытуды жолға қояды», — деді облыстық мәслихат депуттатығынан үміткер Жансерік Мұсаханұлы.
Бұдан бөлек, партия «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жыл сайын 13 жаңа жобаны несиелендіруді және қаржыландыру орталықтары арқылы жылына 245-тен аса жобаны іске асыруға ықпал етеуді көздеп отыр.
Егер жоба-жоспарлар толығымен іске асса, 2025 жылға дейін аудандағы белсенді шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының үлесін 95,5 пайызға, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер санын 17525 бірлікке, жұмыспен қамтылатын жұмыскерлер қатарын 29 мыңға жеткізуге болады.
Кездесу барысында сауда орталығының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді жеткізді. Ол мәселелер алдағы уақытта партия тарапынан қолдауға ие болып, өз шешімін таппақ.
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
«Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді