Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», атап айтқанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды мерзіменін бұрын шартты түрде босатуға тыйым салу туралы ҚР Заңына қол қойды.
Сондай-ақ, Президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына;
Бұған дейін заңға қатысты берілген түсініктерге қарағанда «Шетелдіктердің құқықтық ережелері туралы» заңның 28-бабына түзету енгізді. Онда қылмыстық, әкімшілік және ерекше өндірістегі істер бойынша сот актілерін мәжбүрлі орындау үшін елден шығарудан жалтарған тұлғаларды ұстау мерзімі (сот санкциясымен 30 тәулікке дейін) және құқықтық механизмді оңтайландыруды қарастырады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актісіне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды.
— бағыттаушы тараптың жұмысшыларына қатысты еңбекақы төлеу саласында кемсітушілікке жол беруге тыйым салынады;
— қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр, зиян және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істеп жатқан бағыттаушы тараптың жұмысшыларына қосымша жыл сайынғы еңбек демалысы қарастырылады;