Жаңа форматтағы кездесулер мен жиындарда халықтың мұң-мұқтажы, талап-тілегі мен ұсыныстары тыңдалып партия бақылауына алынуда. Осы орайда ҚР Парламент Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлердің тындырымды тірліктері жайында ерекше атап өту керек. Шымкенттің желілік кестесі бойынша осы науқанда 679 іс – шара өткізіп, 86020 адамды қамту жоспарланған болатын. Осыған сәйкес, үгіт-насихат кезеңінің бір аптасында барлық жиындар жоспарға сай, карантиндік талаптардың қатаң сақталуымен өтуде.
Бүгін Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты «Асар» елді мекенінде қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Сихамбекова Жансұлу мен Имашев Қайрат тұрғындармен кездесті. Жиында партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспары мен қаланың Сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді. Сондай-ақ тұрғындардың түйткілді мәселері тыңдалып, жинақталды.
«Асар» елді мекенінің тұрғыны, зейнеткер Қаныбек Сәрсенов «Асар елді мекеніндегі қоғамдық көлік мәселесі, сондай-ақ, әр жеке тұрғын үйге берілген 3 соттық жылыжайға бөлінетін субсидияның тоқтап қалуы, техникалық сумен камтамасыз ету мәселелерін партия назарына жеткізді.
Ал, аталмыш елді мекен тұрғыны, зейнеткер Асанов Абдуғаппар:«Салық төлеушілердің төлем пайызын төмендету; Зейнетақы пайызын көтеру; Мектептерде шет тілін оқытуды орта буыннан бастап енгізу» жайында ұсынысын айтты.
Барлық өтініштер назарға алынып, партияның алдағы жұмыс жоспарында көрініс табатынын еске салды кандидаттар.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.