Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 21 желтоқсаннан сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 11 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылатын болады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
- жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру
- сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу
- сауда-ойын сауық орталықтарының, сауда үйлерінің сыйымдылығы 30% аспайтын, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін шектеу
- жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат етіледі.