Танымал продюсер Тимур Бекмәмбетов пен қазақстандық Игорь Цайдың «Ромео и Джульетта» фильмі америкалық «Сандэнс» кинофестивалі аясында көрсетіледі, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Фильм screenlife форматында түсірілген: ондағы оқиғалар басты кейіпкерлердің смартфоны арқылы көрсетіледі. Жоба R#J деп аталған.
«Ромео и Джульетта» фильмі 2021 жылдың 28 қаңтар мен 3 ақпан аралығында АҚШ-та өтетін «Сандэнс» кинофестивалінде көрсетіледі. «Сандэнс» — әлемдегі тәуелсіз фильмге баға беретін ең беделді байқаулардың бірі болып саналады», — делінген хабарламада.
Бекмамбетов пен Цайдың продюсерлік жұмысы NEXT секциясына түскен. Мұнда ең озық және инновациялық картиналар көрсетіледі.
Айта кетейік, «Сандэнс» фестивалі (Sundance Film Festival) жыл сайын АҚШ-тағы Парк-Сити және Солт-Лейк-Сити қалаларында өтеді. Байқау жаңа кино маусымды ашады деп саналады. «Сандэнс» 2021 жылы алғаш рет гибридті форматта өтеді деп жоспарланып отыр. Ал «Ромео мен Джульетта» фильмінің премьерасы фестивальдің виртуал платформасында көрсетіледі.