#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

“UKO-S-Star металл құрастыру зауыты” ЖШС ұжымымен кездесу өтті

“Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.


Сейсенбіде “Nur Otan” партиясынан Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Б.Байғараев, Б.Тұрғанбаев, Р.Әлжанов, Ғ.Жүсіп, Г.Әлімбекова, Г.Есмұратова, Н.Майусова, Г.Биғондиева ауданымыздағы индустриалдық аймақта бірнеше жылдардан бері табысты еңбек етіп, аудан экономикасына үлкен үлес қосып келе жатқан “UKO-S-Star металл құрастыру зауыты” ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесуде үміткерлер жерлестерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесімен құттықтай келе, алда келе жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауына бір кісідей қатысып, елдегі ең үлкен саяси күш — “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды. Партия өзінің құрылу кезеңінен бастап, еліміздегі тұрақтылық пен дамудың, отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру қадамдарының басында болып келе жатқанын, алдағы 5 жыл ішінде елімізде, оның ішінде ауданымызда жүзеге асырылатын мақсаттар мен міндеттері атап өткен кандидаттарға өз кезегінде зауыт ұжымы сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды, пікірлер тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар