Шымкенттік полицейлер жер қойнауын қазып жатқан екі азаматты оқиға орнында ұстады, деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Экскаватор машинисі болып табылатын азаматтың жергілікті тұрғын екені, ал “Shacman” маркалы ауыр жүк көліктің жүргізушісі Түркістан облысының тұрғыны екені анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігімен (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару) әкімшілік хаттама толтырылды.
Қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемін Экология департаменті анықтайды.
Сондай-ақ Шымкент ҚПД ЖПҚБ табиғатты қорғау полиция тобының қызметкерлері аталған жайтқа қатысты жинақталған құжаттарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес шара қолдану үшін Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның анықтау бөліміне жолдады.