#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

«Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызында өрт шығып, бес адам зардап шекті

Маңғыстау облысында "Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызының жүк вагонында өрт шықты.

Маңғыстау облысында «Маңғышлақ-Ақтөбе» пойызының жүк вагонында өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше жағдай 14 желтоқсанда сағат 04.30-да болған.

«Осы уақытта Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Бейнеу ауданындағы № 464 айырығында № 109 «Маңғышлақ-Ақтөбе» жолаушылар пойызының жүк тасымалдау вагоны өртенгені туралы ақпарат келіп түсті.

Оқиға орнына ТЖ департаменті, апаттар медицинасы орталығы, «ҚазмұнайТеңіз» МӨҚҚ, «ҚТЖ» ҰҚ АҚ 30 маманы мен 7 техника және 1 өрт сөндіру пойызы жіберілді», — делінген хабарлама.

Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында багаж вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

«Өрт салдарынан 5 адам, оның ішінде 1 бала түрлі дәрежедегі күйік алды. Зардап шеккендер Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына жүк вагонындағы газ баллонының жарылуы себеп болған», — делінген хабарламада.

Құтқарушылар өртті таңғы сағат 07.19-да сөндірген, жүк вагоны толығымен жанып кеткен. Сағат 09.18-те жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілді.

Қазіргі таңда ішкі істер органдары өрттің себебін анықтап жатыр.

Соңғы жаңалықтар