#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Сенаторлар Үкіметтің халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу туралы келісімдерін зерделеді

Құжат ТМД-да шығарылған тауарлардың елін анықтауда бірыңғай ережелерді белгілейді.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда депутаттар «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілетем жасап.

Келісімдерде Covid-19 пандемиясының салдарына қарсы күрес, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуды қалпына келтіру, сондай-ақ экономиканы үдету жөніндегі шараларды қаржыландыру үшін еліміздің Азия Даму Банкі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен қарыздар алуы көзделіп отыр.

Сенаторлар сонымен қатар «1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылау тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Құжат ТМД-да шығарылған тауарлардың елін анықтауда бірыңғай ережелерді белгілейді.

Заң жобасын қабылдау кедендік ресімдеу мен бақылау тәртібін оңайлатуға мүмкіндік береді, тауарларды өткізуді жеделдетеді және ТМД елдерінің кеден органдары арасында өткізілетін тауарларды бақылауға кететін уақытты қысқартады.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар