#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Теңіз кен орнында карантин күшейтілді

Бүгінде Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарың 80 пайызы Теңіз кен орнынан анықталған.

Бүгінде Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарың 80 пайызы Теңіз кен орнынан анықталған. Осыған байланысты кен орнында карантин күшейтілді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, 7 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 науқас Атырау қаласынан тіркелсе, 42 науқас Теңіз кен орнынан тіркелген.

«Науқастармен байланыста болған қызметкерлер оқшауланды, оларға қажет медициналық көмек көрсетіледі. Теңіз кен орнындағы екі компания қызметкерлерінің арасында 42 жағдай анықталды. Жағдайлардың 99 пайызы профилактикалық тексеру нәтижесінде анықталады. Қазіргі уақытта екі компания да карантинге жабылды», — деді Жұмағалиев.

Еске салайық, 6 желтоқсанда Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің теңіз, Прорва кен орындарында санитарлық талаптарды күшейту туралы арнайы қаулысы жарияланған болатын.

Соңғы жаңалықтар