Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов қызметінен босатылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды”, делінген хабарламада.