Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында жол жөндейтіндер асфальтты қардың үстіне төсеген, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларға қарағанда мердігерлерге жолды жөндеп бітіру оңайға соқпаған. Олар қоспаның қалдығын тасжолдың ортасына төгіп кеткен, тіпті үстінен арнайы техникамен тегістеуді ойламаған. Салдарынан жол жамылғысы аяқ астында үгітіліп жатыр.
«Тексеріс жүргізіледі. Жөндеу орташа жөндеуге жатады және мердігерге екі жыл кепілдік мерзімінде жауапкершілік жүктелген. Қандай жағдай болса да жол сапасында кемшіліктер анықталса, оны жоюға жауапкершілік бар», — деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Қылышбеков.