#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан әуежайы алғашқы тұрақты рейсті қабылдады

Түркістанда Hazret Sultan Airport-ы өз жұмысын бастады.

Түркістанда Hazret Sultan Airport-ы өз жұмысын бастады. 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күні халықаралық әуежай Air Astana ұлттық әуе компаниясының құрамына кіретін FlyArystan әуеакомпаниясының Нұр-Сұлтан – Түркістан бағыты бойынша бірінші рейсін қабылдады.

Әуежайдың негізгі параметрлері: әуежайдың ауданы-905,3 га, жасанды ұшу-қону жолағы: 3 300х45м., жолаушылар терминалының ауданы — 10,5 мың м2, өткізу қабілеті – сағатына 450 жолаушы.

Салтанатты іс-шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбаев, «AirАstana» және «FlyArystan» әуекомпанияларының президенті Питер Фостер, «Yda Holding» директоры Хусейн Арслан және «Kazakh Tourism» төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасовтар құттықтау сөзін сөйлеп, алдағы уақытта әуежай 3 миллионға жуық қонақ қабылдайтынын сөз етті.

5 желтоқсаннан бастап Алматыдан әуе қатынасы ашылады. Нұр-Сұлтан қаласына әуе билетінің құны 6999 теңгеден, Алматыға 5999 теңгеден басталады. Халықаралық әуежай сағатына 450 жолаушыны қабылдап, жылына 3 млн. жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайдың ұшу-қону жолағының параметрі барлық әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Еліміз тәуелсіздік алғалы бірінші бой көтерген заманауи әуежайға авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда ИКАО мен ИАТА-ның кодтары берілген. Жаңа әуежай түркі әлемінің алтын бесігі – Түркістан қаласын әлемнің ірі қалаларымен жалғастыратын байланыс желісіне айналмақ.

Айта кетейік, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің инспекциялық комиссиясы Түркістан қаласының әуеайлағына сертификаттық тексеру жүргізді. Инспекторлар ұшу алаңын, өндірістік базаны, әуежай персоналының жасақталуын, әуежайды жарақтандыруды, техникалық база мен жабдықты сертификатталуын, әуеайлақ басшылығын және барлық қызметтер мен жабдықтардың құжаттамасын зерттеуден өткізді. Осылайша әуеайлақтың жарамдылығы сертификатын алған Түркістан әуежайы барлық талапқа сай деп танылып, ішкі және халықаралық рейстерді, соның ішінде жүк тасымалдау рейстерін қабылдау мүмкіндігіне ие болды.

Фото авторы: Мақсат Шағырбаев

Соңғы жаңалықтар