#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Дәрігерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады

Елордалық инфекционист дәрігерлер санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды сақтауға шақырды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендер санының көбейгенін ескере отырып,...

Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды

Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Қазіргі уақытта «Іле» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік атыстары өтуде, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Жаттығу барысында...

Атырауда автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет бұзды

Атырауда қоғамдық көлікпен жүру қауіпке айналғалы тұр. Өйткені автобус жүргізушілері бір күнде ережені 170 рет  бұзады, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Облыстық полиция...

Экс-вице-министр Шкарупа сотта ақталып шықты

Қарағандыдағы Қазыбек аудандық соты бюджет қаражатынан бірнеше миллион доллар жымқырды деп айыпталған бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақтады, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме...

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында кадрлық өзгерістер болды.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бұйрығымен 21 қаңтардан бастап «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Бектаева Жанар...

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин іс-сапармен келді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Түркістан қаласының инфрақұрылым нысандарының құрылыс барысын тексерді. Үкімет басшысы инвестициялық жобалардың — «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің, JCI...

Мәди Манатбек «Астана» радиосының бас директоры болып тағайындалды

«Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан «Астана» радиосы ұжымы алдында жаңа директор Мәди Манатбекті таныстырды, деп хабарлайды  ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Мәди Манатбек...

Абайдың «Қара сөздері» Сауд Арабиясының астанасында оқылды

Хәкім Абай Құнанбайұлының шығармаларын Сауд Арабиясында кеңінен насихаттау аясында Рияд қаласында Қазақстан Елшілігі мен саудтық Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығы бірлесе отырып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен арнайы симпозиум ұйымдастырды.

Хәкім Абай Құнанбайұлының шығармаларын Сауд Арабиясында кеңінен насихаттау аясында Рияд қаласында Қазақстан Елшілігі мен саудтық Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығы бірлесе отырып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен арнайы симпозиум ұйымдастырды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

Іс-шара ашылуында сөз сөйлеген Елші Берік Арын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақынның мұрасын дәріптеу және әлемге паш ету мақсатында елімізде және шет елдерде өткен маңызды халықаралық іс-шаралар туралы кеңінен баяндап берді. Осы айтулы датаға орай ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аманаты» және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты ауқымды мақалаларында ой бөлескені туралы айтып, олардың қысқаша мазмұнымен таныстырды.

Өз кезегінде саудтық Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығының жетекшісі доктор Яхья Махмуд бен Джунайд бұл игі іс-шара Абайдың шығармаларымен сауд халқын кеңінен таныстыру тұрғысында маңызды бастама болғандығын ерекше атап өтіп, мұндай шаралар екі ел халықтарын жақындастыруға, мәдени байланыстарын нығайтуға оң серпін беретініне сенім білдірді.

Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы доктор Айед Мұхаммад әл-Рабиа Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстар туралы баяндама жасады. Ал доктор Әмин Сулейман Сидо Орта Азия елдерінен шыққан әл-Фараби, Ибн Сина және т.б. ғұламалардың ислам өркениетіне қосқан орасан үлесіне тоқталып өтіп, ақын Абайдың шығармашылығындағы философиялық ойлар мен көркем сөз шеберлігі туралы өз ойымен бөлісті. Мәдениет бөлімінің жетекшісі Салех Заманан Абайдың араб тілінде «Қара сөзден» үзіндіні мәнерлеп оқып, қатысушылардың зор ықылысына бөленді.

Сонымен қатар, қазақстандық тараптан іс-шараға бейне байланыс арқылы қатысқан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шығыстану кафедрасының профессоры, Филология ғылымдарының докторы Самал Төлеубаеваның Абайдың Шығыс пен Батыс мәдени жетістіктерін, әйгілі әлем ойшылдарының еңбектерін қазақ даласына таныстырудағы еңбегі төңірегінде, сондай-ақ профессор Серік Негимовтің Хәкімнің ақын шығармаларындағы Ислам дінінің алатын орны туралы жасаған баяндамалары саудтық зиялы қауым тарапынан үлкен қызығушылық тудырды.

Іс-шара соңында қатысушылар Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай күйші Айбек Бекбосынның арнайы шығарған «Телқара» күйінің және ұлттық театр әртістерінің орындауындағы «Көзімнің қарасы» өлеңінің бейне клиптерін тамашалады.

Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мембағдарламамен салынған тұрғын үй аязға шыдамады

Бір жыл бұрын Өскеменде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасымен салынған үй қабырғасы аяз бен желден сөгілді. Тұрғындар мембағдарлама бойынша тапсырылған үйдің көптеген кемшілігі бар деп...

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттады

2020 жылдың желтоқсанында электр энергиясы былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 6,5 пайызға қымбаттады,  деп хабарлайды ADYM.KZ Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Жыл сайынғы өсім Нұр-Сұлтан қаласы мен Батыс Қазақстан...

Қырғызстанның экс-премьері ұсталды — БАҚ

Қырғызстанда экс-премьер-министр Мұхаммедқалый Әбілғазиев ұсталды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ол заңсыз баю дерегі бойынша күдікке ілінді. 26 қаңтарда Қырғызстанның экс-премьер-министрі жауап...

Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі 10 жылға сотталды

Шымкенттің бұрынғы бас сәулетшісі Жеңіс Байымбетов жарты миллиард теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп...

Оралда 71 жастағы қария өзіне қол жұмсады

Оралда 71 жастағы ер адам өзіне-өзі қол жұмсады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме...

Дәрігерлер Нұр-Сұлтан тұрғындарына үндеу жасады

Елордалық инфекционист дәрігерлер санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды сақтауға шақырды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендер санының көбейгенін ескере отырып,...

«Қасым хан» сериалындағы жымқыру ісі: «Қазақфильм» өкілдері пікір білдірді

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясындағылар "Қасым хан" сериалының түсірілімінде 30 миллион теңгеге жуық қаражат ұрланғаны туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына...

Бокстан командалық әлем кубогы 2022 жылға ауыстырылды

Бокстан командалық әлем кубогі пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) баспасөз қызметі хабарлады деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz  басылымына сілтеме...

Тәжікстан коронавирустан түбегейлі құтылды

Тәжіскстан президенті Эмомали Рахмон елдің коронавирус инфекциясынан толығымен құтылғанын мәлімдеді, деп жазады ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  Ел президенті бұл туралы халыққа жолдауында айтқан. - Тәжікстанда...