#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Шпекбаев отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев қарамағандағы қызметкерлердің жемқорлық қылмысына байланысты отставкаға кетуі керек 14 шенеунік туралы айтты, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz...

АҚШ-та «Жусан» операциясы туралы талқыланды

«Атлантикалық кеңес» атты беделді американдық талдау орталығы Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару және оларды қоғамға қайта интеграциялау тәжірибесін талқылауға арналған онлайн конференция өткізді, деп...

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда митингілер аясында отставкаға кеткеннен кейін пайда...

Театр сыншылары үздіктерді анықтады

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін анықтау мақсатында еліміздегі театрлар арасында жүргізілген арнайы сауалнама нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына...

СҚО-да жаңа санитар дәрігер тағайындалды

Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер 39 жастағы...

Қазақстанда 37 градус аяз болады

14 қаңтарда Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады....

Талдықорғанда пәтер өртеніп кетті

Талдықорғанда пәтер өртеніп, 4 адам ауруханаға түсті. Оның екеуі — 5 және 6 жастағы балалар, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.  «14 қаңтарда сағат 11:27-де...

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» басқарма төрағасы тағайындалды

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат Кино орталығының ұжымына ұйымның жаңа басшысын таныстырды.

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Темірболат Кино орталығының ұжымына ұйымның жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап.

 ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалған.

Есетжан Мұратұлы Қосубаев мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін басқарған, медиакомпаниялар мен қоғамдық құрылымдарға басшылық етіп, мәдениет саласында түрлі жобаларды ұйымдастырған.

1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдаған. Ірі халықаралық өнер форумдарын, қоғамдық акцияларды, іс-шараларды  ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан. Әр жылдары «АРТ-Центр» продюсерлік орталығының бас директоры, «Алматы – моя первая любовь» ретро фестивалінің продюсері және жүргізушісі болған, «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивальдерінің іргетасын қалағандардың бірі. «Асыл мұра» қамқоршылық кеңесінің құрамында болған, соның арқасында көрнекті қазақ композиторларының шығармалары бар бір жарым мыңнан астам мұрағаттық жазбалар қалпына келтірілген

Бірнеше жыл мәдени-қоғамдық институттарды басқарған. Коммерциялық және қаржы құрылымдарын басқару тәжірибесі бар. Қазақстанды мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамыту қорының бас директорының орынбасары,  «Бөбек» Балалар қайырымдылық қорының вице-президенті,  «Kazenergy» қоғамдық қорының президенті лауазымдарында қызмет еткен. «Алтын-Алма» АҚ басқарма төрағасы, «Союз «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма мүшесі болған.

Мемлекеттік басқару органдарында жұмыс жасау тәжірибесі мол. 2002 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің баспасөз орталығының басшысы лауазымына тағайындалған.   2004 жылы — ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат басқармасының БАҚ және қоғамдық байланыс бөлімінің жетекшісі.  2004 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

Есетжан Мұратұлы отандық медиақұрылымдардың, кино мен телевизияның аяққа тұруына және дамуына зор үлес қосқан. «Рауан Медиа Групп» компаниясының директорлар кеңесін басқарған. 1998 жылы Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум – «Евразия» Бірінші халықаралық кинофестивалінің бас директоры болып тағайындалған. Еуразия телевизия академиясының мүшесі (Мәскеу қаласы). 2001 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы медиакорпорацияның — «Қазақстандық телевизия және радио» Республикалық корпорациясын» ЖАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Е. Қосубаевтың шығармашылық өмірбаянында жеке актерлік тәжірибесі бар, соның ішінде атақты кеңес режиссері Юрий Чулюкиннің  «И в шутку, и всерьёз…» фильмінде (1963 ж.) басты рөлді сомдаған. Қазіргі таңда, Е.Қосубаев «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ – еліміздің ірі киностудясының директорлар кеңесінің мүшесі және тәуелсіз директоры болып табылады.

«Құрмет» және 2 дәрежелі «Достық», Ресейдің Чернобыль ардагерлер комитетінің «Долг и честь» ордендерімен, сонымен қатар, түрлі төсбелгілермен және медальдармен марапатталған, оның ішінде БЛКЖО ОК «Еңбек ерлігі» белгісі, «ЧАЭС апаттың салдарын жоюдың қатысушысы» Құрмет белгісі, «Шапағат» медалі, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі және т.б. Қазақстан Республикасының Президенті атынан бірқатар алғыс хаттар берілген.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшинмен бірлесіп,...

Театр сыншылары үздіктерді анықтады

«Халықаралық театр сыншылары бірлестігі» өткен жылы атқарылған жұмыстың нәтижесін анықтау мақсатында еліміздегі театрлар арасында жүргізілген арнайы сауалнама нәтижесімен бөлісті, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына...

Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болды

Бақытжан Темірболат Елбасы кітапханасының директоры болды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының...

Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды

14 қаңтарда таңғы сағат тоғызда Самара-Шымкент тас жолында жедел жәрдемнің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Хромтау ауданы, Аққұдық ауылының жанындағы...

Қонаев — Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық биыл қараша айында іске қосылады

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Қонаев пен Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының II кезеңінің басталуы бойынша баспасөз брифингін өткізді. Сондай-ақ, қалалық жолаушылар көлігі...

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты заңнамадағы өзгерістерді жеткізді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Аntikor ortalyǵy алаңында қылмыстық процессте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері...

Қазақстанда мембағдарламалар ұлттық жобаға айналады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаға айналдыруы керегін айтты, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Менің үкіміме сәйкес, үкімет алғашқы жартыжылдық...

Сот жүйесі жабық корпорация болмауы керек — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында қажет реформалар туралы айтты, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Сапалы заңнама арқылы реформалар жүргізу -...

Президент Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі...