#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі тағайындалды

Түркістан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілі болып Исаев Мақсат Шамансұрұлы тағайындалды.

Түркістан облысы әкімі аппараты әдеп жөніндегі уәкілі болып Исаев Мақсат Шамансұрұлы тағайындалды.
Білімі жоғары, біліктілігі экономист. Еңбек жолын 1995 жылы Созақ ауданында жеке кәсіпорында есепші болып бастаған.
1997 – 2002 жылдары аралығында Созақ ауданы әкімі аппаратында аумақты дамыту және кадрлық жұмыс жөніндегі бөлімінің бас маманы, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы қызметтерін атқарған.
2002 – 2015 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, «Қазатомпром-Демеу» ЖШС филиалының директоры, Созақ аудандық мәслихатының хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2015 – 2017 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының әкімі болған.
2017 – 2019 жылдары аралығында облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімі басшының орынбасары болып қызмет еткен.
2019 жылдың қазан айынан бастап Түркістан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы болып еңбек етіп келді.

Соңғы жаңалықтар