#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Тоқаев шекараны қорғау және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қорғау және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерге қол қойды, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Түзетулер ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландырады, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту және арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау жүйесін жетілдіреді деп болжанып отыр.

Соңғы жаңалықтар