Хромтауда газ баллоны жарылғаннан кейін үй құлады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 11.36-да Ақтөбе облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Ақтөбе облысы Хромтау қаласында бір қабатты үйде өрт шыққаны, салдарынан газ баллон жарылғаны туралы хабарлама түсті. Хромтау ауданы өрт сөндіру бөлімінің 10 адамы және 2 техникасы оқиға орнына дереу жетті.
«Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 12.29-да өрт толықтай сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті (6, 7 жастағы және жаңа туған сәби, балалар күйік алмаған). Олар қазір Хромтау орталық ауруханасына дәрігерлерінің қарауында», — деді Уәли.