#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды

Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды.

Алматыдағы кезекші сыныптар карантинге жабылды. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жұмановтың сөзінше, бірінші тоқсанда коронавирус жұқтырған 26 мектеп оқушысы анықталған, оның ішінде, екеуі — кезекші сыныптағы оқушылар.

«Барлық топ ПТР-тест тапсырған, бәрінің нәтижесі теріс болды. Екі жағдайда да балалар коронавирус инфекциясын ата-анасынан жұқтырған. Топтар жағдайдың алдын алу мақсатында жабылды», — деді Қайрат Жұманов.

Еске салайық, екінші тоқсанда кейбір алматылық оқушыларға дәстүрлі оқу форматына көшуге рұқсат берілген болатын. Екінші тоқсаннан бастап 300-ге жуық оқушысы бар мектептердің жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын. Сыныпта отыратын оқушы саны 15-тен аспауы керек.

Соңғы жаңалықтар