#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматының ортасында қаруланған ер адам ұсталды

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады.

Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері тапанша ұстаған ер адамды ұстады, — деп хабарлайды ADYM.KZ Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

11 қараша сағат 22.00-де кезекші бөлімге Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында қаруы бар ер адам жүргені туралы хабарлама түседі.

Содан кейін айтылған мекенжайға шыққан Ұлттық ұлан әскерилері Қонаев-Мәметов көшелерінің қиылысында ер адамды табады. Ол тәртіп сақшыларын көріп, қашуға тырысады. Алайда әскерилер оны ұстаған.

Ұсталған орынға Медеу ауданы ПБ тергеу-шұғыл тобы шақырылған. Сол жерде 26 жастағы азаматтан екі газ және нөмірі өшіп қалған сигналдық тапанша тәркіленеді.

Соңғы жаңалықтар