Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелден ұшып келіп жатқан жолаушыларға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Байғабыловтың айтуынша, бүгін түнде Шарм-әл-Шейхтен Нұр-Сұлтанға 241 жолаушысы бар ұшақ қонды. Олардың 22-сінде ПТР анықтама болмаған, сондықтан олар 7 күндік карантинге жатқызылды.
Осылайша, карантинге жатқызылған жолаушылар тапсырған тест қорытындысы бойынша, біреуінен коронавирус анықталып отыр.