#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер Дулат Ағаділдің ұлын пышақтап өлтірген

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтіріп кеткен.

Нұр-Сұлтанда белгісіз біреулер қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің кәмелетке толмаған ұлы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтіріп кеткен, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 10 қарашада сағат 22.56-да Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінде жаппай төбелес болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Оқиға орнына келген қызметкерлер жастардың төбелес шығарғанын анықтаған. Төбелес салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Біреуі 17 жастағы Жанболат Ағаділ, пышақ жарақатын алған. Ол жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмған», — деді полициядағылар.

Құқық қорғау органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі және 293-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Қазіргі уақытта төбелеске қатысқандарды анықтау мақсатында тергеу шаралары жүріп жатыр. Ұсталғандармен тергеу жүріп жатыр. Қорытындысы бойынша әрқайсының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасып жатыр», — деді полициядағылар.

Еске салайық, биыл ақпанда қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің тергеу изоляторында қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын. Кейін прокуратурадағылар Ағаділдің өліміне оған қойылған асқынған миокард инфаркты диагнозы себеп болғанын және оның мас күйде болғанын мәлімдеді.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Дулат Ағаділ Қостанай облысы Жангелді ауданы Торғай ауылында дүниеге келген. Көпбалалы аналарға араша түскені үшін 6-7 рет ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар