#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Алматы-Бішкек тасжолында ірі жол апаты болды

Алматы-Бішкек тасжолында бес көлік соқтығысып қалды.

Алматы-Бішкек тасжолында бес көлік соқтығысып қалды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жол апатының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

Полиция мәліметінше, жол апаты 3 қарашада таңғы сағат жетіде болған. Зардап шеккендер жоқ.

«Алматы-Бішкек автожолының 32-шақырымында бес көлік соқтығысып қалды: олардың екеуі Daewoo Nexia, Nissan, BMW және Mercedes. Алматы облысының 29 жастағы тұрғыны Daewoo Nexia жолаушысы жарақат алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді.

Алдын ала болжам бойынша, жол апатының себебі жылдамдық режимін бұзу және қашықты сақтамау. Жол апатына ұшырағандардың ішінде 48, 40, 29 жастағы өзбекстандықтар, Жамбыл облысының 32 жастағы тұрғыны және Алматы облысының 33 жастағы тұрғыны бар. Жол апаты тіркелді. Барлық мән-жай анықталғаннан кейін тәртіп бұзушыларға заңнамаға сәйкес әкімшілік жаза қолданылады», — деді полициядағылар.

Соңғы жаңалықтар