28 қазан күні «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шалқар ауданының Бегімбет кентінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қызылорда облысының 36 жастағы жергілікті тұрғыны мен 28 жастағы Арал ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жаспа.
Күдіктілердің бірінің үйінің ауласындағы мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз «Планета-3» маркалы мотоциклді тінту барысында 167 дана киік мүйізі бар полипропилен қабы тәркіленді. Бұдан басқа, үй қоймасы бөлмесінен 12 калибрлі «ИЖ-18мм» бір ұңғылы аңшылық мылтық және 12 патрон, ас үй бөлмесінде қол жуғыштың астынан салмағы 5 кг киік еті бар полиэтилен пакет табылды. ҚР ҚК 339-бабы 1-тармағы «Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.
Күдіктінің бірі ҚР ҚІЖК-нің 128-бабына сәйкес ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Киік мүйіздерін көтерме сатып алумен және оларды жақын шет елдерге өткізумен айналысатын адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.