#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтар айларында күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Апта сайын мәліметтерге талдау...

Тұңғыш Президент күніне арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Алматыда Тұңғыш Президент  күніне арналған "Мен жастарға сенемін!" VIII Республикалық жастар форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы инновация және шығармашылық, жасампаздық призмасы арқылы...

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бүгін бес салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтіп, жартылай финалға жолдама...

Дәрігерлердің жалақысы 2,5 есе өседі — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға дейін 2,5 есе өсетінін айтты, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan...

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы...

Елордалық әйел ер адам болып киініп, туыстарының әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтанда әйел адам ер адам болып киініп, туыстарының үйіне кіріп, әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, 39 жастағы...

Ел сенімін ақтаудан артық абырой жоқ

Бүгін партиямыздың съезінде аса маңызды мәселелер айтылып, шешімдер қабылданды. Бұл — праймериздің қортындысы десек те болады. Биыл Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев еліміздің тарихында...

Тоқаев барлық полицей нені ұмытпауы керегін айтты

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының барлық қызметкері нені ұмытпауы керегін айтты, — деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, пандемия мен дағдарыс Қазақстанның алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Сондықтан мемлекет елімізде бизнес жүргізудің шарттарын жүйелі түрде жақсартуды жалғастыра береді. Президенттің тапсырмасы бойынша сапалы жаңа реттеушілік жүйе әзірлене бастады. Қолданыстағы барлық бақылау-қадағалау, рұқсат беру және басқа да реттеуші құралдарға үлкен әрі нақты тексерулер жасалады.

«Біз құқық қорғау және сот жүйелерін реформалауды бастадық. Реформа жедел, ашық және тиімді болуы тиіс. Бұл жұмысты өзім тікелей қадағалаймын. Мұндай күрделі, жабық жүйелерді, оның ішінде, бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып өзгерту қажет. Сондықтан «Атамекеннен» нақты ұсыныстар күтемін. Құқық қорғау органдарының барша қызметкерлері, инспектордан бастап генералға дейін елімізде қолайлы бизнес ахуалды қалыптастыру жұмысының толыққанды қатысушылары екендерін сезінулері тиіс«, — деді Мемлекет басшысы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық өнім көлемін ұлғайту және қайта өңдеу өнеркәсібін қолдау мәселелері басты назарда бола бермек. Үкімет сатып алуды реттеу жөніндегі нормативтік-құқықтық базаны өзектендіруді бастады. Квазимемлекеттік секторды сатып алу жобасы бойынша жоба жүріп жатыр. Өңдеу өндірісіне шикізат жеткізу тетіктері әзірленуде. Отандық өнеркәсіп секторы үшін жаңа заңнамалық база дайындалуда. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу басталды.

«Қазір біздің өткеннен сабақ алатын, ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын және болашағын дәлме-дәл анықтайтын, өз әлеуетімізді дұрыс бағалайтын мүмкіндігіміз бар. Алдымен пәрменді шаралар мен қолдау институттарын айқындап, дұрыс реттеу ортасын қалыптастыру керек. Содан кейін ғана қапысыз және басымдықтарды жыл сайын өзгертпей батыл алға жылжуға болады. Агроөнеркәсіп кешені бойынша бағдарламалық құжаттың әзірленуін тікелей қадағалап отыратын боламын. Бұл ретте шенеуніктердің де, кәсіпкерлердің де, сарапшылардың да пікірін тыңдаймын. Өйткені ауыл шаруашылығының әлеуетін көтеретін кез жетті. Олай болмаған жағдайда біздің экономикамыз үшін өкінішке ұрындыратын теріс салдар орын алуы мүмкін», — деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық компанияларды белсенді түрде сыртқы нарықтарға шығуға шақырды. Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп экспорттық әлеуеті бар салалар мен кәсіпорындарды анықтау тапсырылған. Мұндай жобаларға қаржыландыру жеңілдігі, экспорттық қолдау тетіктері, заттай грант беру секілді кешенді қолдау шаралары көрсетіледі. Қазақстан келер жылы шикізаттық емес экспорттың көлемін 29 миллиард долларға дейін арттыруды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада нарықтық экономикасы...

Орманда көміп кеткен: Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ер адамды...

Мектептегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара...

Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтар айларында күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Апта сайын мәліметтерге талдау...

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағында жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық...

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы...

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

Кентау қаласында 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы...

Түркістан: Кентаудың трансформаторына сұраныс жоғары

Бүгін Кентау қаласындағы трансформатор зауытында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиын барысында "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның Басқарма төрағасы Хайрулла Бәйділдаұлы кәсіпорынның...

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Талдықорған қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы...