Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласында «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында бір мезетте 10 мұқтаж отбасыға пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қуаныштары қойынына сыймаған жаңа баспана иелері мешіт имамдарына, кәсіпкерлерге алғыстарын жаудырып, ризашылығын білдірді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да он отбасының баспаналы болуына себепкер болған жаны жомарт кәсіпкерлерге ризашылығын жеткізіп, алғыс хат табыстады.