#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Талдықорған қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы...

Англияда үш балдық шектеу жүйесі енгізіледі

2 желтоқсанға дейін елде локдаун режімі сақталады, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бұдан әрі әрбір өңірде эпидемиялық ахуалға байланысты әртүрлі дәрежедегі шектеулер шаралары енгізіледі. Мысалы,...

Абайдың «Қара сөздері» Сауд Арабиясының астанасында оқылды

Хәкім Абай Құнанбайұлының шығармаларын Сауд Арабиясында кеңінен насихаттау аясында Рияд қаласында Қазақстан Елшілігі мен саудтық Зерттеу және мәдениетаралық білім орталығы бірлесе отырып, Л.Н. Гумилев...

Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты басталды

Алматыдағы "Достық" спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Бүгін бес салмақ дәрежесі бойынша белдесулер өтіп, жартылай финалға жолдама...

Семейде 30 сарбаз ПТР сынағына байланысты пойызға міне алмай қалды

30 сарбаз Семейдегі теміржол станциясынан шыға алмай қалды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Алматыда борышын өтеген олар Павлодарға қайтып бара жатқан.  Оқиға 22...

Ел сенімін ақтаудан артық абырой жоқ

Бүгін партиямыздың съезінде аса маңызды мәселелер айтылып, шешімдер қабылданды. Бұл — праймериздің қортындысы десек те болады. Биыл Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Назарбаев еліміздің тарихында...

Дәрігерлердің үстемақысы: Алматыда 55 миллион теңгеге заңбұзушылық анықталды

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаменті коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерге арналған үстемақыны төлеу ережелерін бұзған. Заң бұзушылықтардың жалпы сомасы 55,6 миллион теңге,...

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаулы Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы.

Елдің бас дәрігері мыналарды қаулы етті:

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, орталық мемлекеттік органдар, көліктегі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті:

Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:

оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі — Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық келетіндер кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған анықтаманы ұсыну қажет.

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі;

халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады;

Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі;

Авиакомпаниялар басшылары:

1)  Анықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді;

2)   ұшу кезінде жолаушылар мен экипажға сауалнама жүргізуді, оның ішінде толық толтырылғанын тексеруді, толық толтырылмаған жағдайларда қосымша сауалнама жүргізуді;

3)  толтырылған сауалнамаларды, манифестті және әуе кемесінің бас декларациясын ұшып келетін әуежайдағы санитариялық-карантиндік пункттің маманына тез арада беруді;

4)  тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және одан түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;

5)  әуе кемесінің бортында жеке қорғаныш құралдарының (маскалар, қолғаптар), қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының болуын;

6)  ұшу кезінде әуе кемесінің салонында жолаушылардың қозғалысын, сондай-ақ дәретхананың жанында жиналуын шектеуді;

7)  қызметкерлерді жұмысқа жеке қорғаныш құралдары (медициналық маскалар, қолғаптар) болған кезде  жіберуді;

8)  дене температурасын өлшей отырып, қызметкерлерді ауысым алдындағы (ұшу алдындағы) медициналық қарап-тексеруден өткізуді;

9)  тұрақты халықаралық әуе қатынастарын қалпына келтіру алдында әуе кемелеріндегі ауа баптау, желдету жүйелеріне ревизия жүргізуді және сүзгілерді ауыстыруды қамтамасыз етсін.

Құжатты мына сілтеме арқылы немесе санэпидбақылау комитетінің сайтынан жүктеуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш Президент күні қарсаңында деректі фильмдер топтамасы көрсетіледі

Келесі жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы атап өтіледі. Тәуелсіздік жолы күрделі реформалар мен қиын шешімдер кезеңі болды. Нәтижесінде Қазақстан халықаралық аренада нарықтық экономикасы...

Орманда көміп кеткен: Қостанай облысында жоғалған ер адамның денесі бір айдан соң табылды

Қостанай облысында жоғалып кеткен 26 жастағы ер адам бір ай өткен соң орманнан көмілген күйі табылды, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ер адамды...

Мектептегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жазаға тартылды

Шымкент қаласындағы №125 жалпы орта білім беру мектебінде мұғалімдерден келіп түскен шағымдар бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Жоспардан тыс тексеру барысында өтініште көрсетілген фактілер ішінара...

Қазақстанда желтоқсан-қаңтар айларында карантин күшейтілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин желтоқсан-қаңтар айларында күшейтілуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. "Апта сайын мәліметтерге талдау...

Алматы облысында жер сілкінді

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағында жер сілкінісі болғанын мәлім етті, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. "ҚР БҒМ ҒК СЭМЭ" ММ сейсмикалық...

Премьер-министр кеңсесі қызметкерінің қылмыстық іске қатысы бары анықталды

Премьер-министр кеңсесінің қазіргі қызметкері газ өткізу бойынша қылмыстық істе күдікті ретінде танылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы...

Түркістан: Кентауда ауыл шаруашылығының өнім көлемі 64 млрд теңгеге жеткен

Кентау қаласында 3 ірі, 27 орта және шағын кәсіпорындары – 28 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстық өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына жалпы...

Түркістан: Кентаудың трансформаторына сұраныс жоғары

Бүгін Кентау қаласындағы трансформатор зауытында бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру мақсатында арнайы жиын өтті. Жиын барысында "Кентау трансформатор зауыты" АҚ-ның Басқарма төрағасы Хайрулла Бәйділдаұлы кәсіпорынның...

Талдықорғанда тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Талдықорған қаласындағы тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды ADYM.KZ Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. ТЖМ мәліметінше, оқиға 26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Алматы облысы...