Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов аймақта жаңа шектеу шараларын енгізу жөнінде қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ADYM.KZ baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаулыға сәйкес шектек шаралары 19 қазан сағат 7.00-ден бастап күшіне енеді.
Енді аймақта 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тоқтатылады. Яғни, мейрамханалар, кофехана, дәмхана, банкет залдары, асханалар жұмысын тоқтатады.
Барлық меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар, 15 адмнан аспайтын кезекші топтарды қоспағанда, сондай-ақ барлық сауықтыру орталығы, түнгі клубтар, кальян барлар, көрмелер, букмекерлерік, бильярд, караоке, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдарының жұмысы тоқтайды.
Қоғамдық көлікпен тасымалдау қызметі қарбалас кезінде 5 минутты ара қашықтықтан аспау үшін көлік саны арттырылады.
Оған қоса бір отбасы мүшелерінен басқа, 3 адамнан астам топтың бас қосуына тыйым салынады. Сондай-ақ жасы 65-тен асқандарға көшеге шығуға болмайды.