#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте құдықта бірнеше жыл жатып қалған әйелдің мәйіті табылды

Шымкенттік полицейлер құдықтан табылған адам мәйіті бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Шымкенттік полицейлер құдықтан табылған адам мәйіті бойынша қылмыстық іс тергелуде деп хабарлайды ADYM.KZ Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Марқұмның денесі көрпеге оралып, жабысқақ таспамен оралған күйі жатқан. Әйелдің бойы шамамен 160 сантиметр, ал жасы 30-да.  Мамандардың болжамынша, мәйіт бірнеше жыл жатып қалған. Азаматшаның аты-жөні анықталмады.

«Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес әйелдің өлімі бір жылдан астам уақыт бұрын болған. Мәйіттің сүйек қаңқаларының жарақаттары анықталмады. Қазір мәйіттің жеке басын анықтауға және қылмысты ашуға бағытталған барлық жедел шара жүргізілуде» деді Полиция департменті бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев.

Соңғы жаңалықтар