Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу Департаментінің басшысы тағайындалды. Ағымдағы жылдың 14 қазанында ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті Төрағасының орынбасары Дәулет Ертайұлы Ақылбеков Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу Департаментінің ұжымын жаңа басшымен таныстырды. ҚР Қаржы министрі А.К.Жамаубаевтың бұйрығына сәйкес, Департамент басшысы лауазымына Бақыт Сапарғалиұлы Қайшыбеков тағайындалды. Департаменттің жаңа басшысын таныстыру барысында, Дәулет Ертайұлы Департаменттің жұмысына тоқталып, алдағы уақытта Комитет басшылығының алға қойған міндеттерін айқындады. Бақыт Сапарғалиұлы Қайшыбеков, білімі жоғары: заңгер, бизнес және экономиканың бакалаврі. Еңбек қызметін 2007 – 2012 жылдар аралығында Қаржы полициясында әртүрлі қызметтерде, сондай ақ басшылық лауазымдарында қызмет еткен. 2014 – 2019 жылдарда ҚР Мемелекеттік кірістер органдарында қызмет атқарды. 2019 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі бұйрыққа дейін, ҚР ҚМ Қаржы мониторинг комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы лауазымында қызмет еткен.