Пәкістанның телекоммуникациялық реттеушісі қытай әлеуметтік желісі мен TikTok мобильді қосымшасын бұғаттап тастады, деп хабарлайды ADYM.KZ BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Пәкістандағы әлеуметтік желіні бейморальді және әдепсіз контенттен тазалау қажеттігі туралы ескерткен. Реттеушінің мәлімдемесіне сәйкес, әлеуметтік желіде белгіленген тәртіп сақталмаған. Алайда, реттеуші тарап заңсыз контент модерацияланған жағдайда салынған тыйымды қайта қарастыратынын хабарлады.
Өз кезегінде TikTok сервисі жұмыс істеп жатқан алаңында заң бойынша жұмыс істеуге ниетті екенін мәлімдеді. Компания әлеуметтік желі жұмысын қайта жандандыру үшін реттеушімен бір шешімге келетініне үміттенетінін жеткізді.
YouTube желісіне де бейәдеп контенттен тазарту жөнінде ескерту жасалды.