Бүгін Шымкентте кезекті Қоғамдық Кеңестің отырысы өтті. Онда мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға барынша көңіл бөлу, қоларбаның жетіспеушілігі, биыл берілген пәтерлер, қаладағы өнеркәсіпті дамыту, орта және шағын бизнесті дамыту мәселелері қаралды.
Отырыста 4 басқарма басшылары соңғы 9 айдың есебін берді. Бірақ бірнешеуінің есебі бекітілген жоқ. Қоғам мүшелері басқарма басшыларын сұрақтың астына алып, әр салаға қатысты сын-ескертпелерін айтты.
«Сапаны жоғарылату үшін жұмыстарыңызды құжатпен де, істеріңізбен де дәлелдеңіздер»,- деді Қоғамдық Кеңес төрағасы Нұрғазы Бұхарбай. Қабылданбаған есептерді алдағы уақытта басқарма басшылары қайта тапсыратын болады.