#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент әуежайы 5 млрд 200 мың теңгеге бағаланып отыр

Шымкентте әуежай сатылады деген хабар қоғамда резонанс тудырғаны рас.

Шымкентте әуежай сатылады деген хабар қоғамда резонанс тудырғаны рас. Енді осы жағдайға түсініктеме бере кетсек.
Жалпы қаламыздың әуежайы 2015 жылы Үкіметтің қаулысымен жекешелендірілетін объектілер тізбегіне енгізілген. Аталған қаулыға сәйкес, әуежай 2018 жылы жекешелендіруге өтуі керек болған. Алайда түрлі себептермен бұл шаруа шегеріліп, ақырында 2020 жылға дейін жетті.
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың айтуынша, 18 қыркүйек күні республикалық БАҚ-та хабарландыру берілген. 8 қазан соңғы күн. Яғни, Үкіметтің қаулысы, құжаттарға қол қойылу сынды дүниелер өз уақытымен жүруде.
– Біз неге мұндай шешімге келгенімізді тарқатып айтайын. Шымкент секілді үлкен мегаполис шаһарда әуежай — өзін-өзі дамытуға, яғни нарықта ақша табуға мүмкіндігі бар нысанға жатады. Қазіргі таңда бұл нысан қаланың меншігінде. Екі жылдан соң ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу жүргізу қажет. Автобустарын ауыстыру керек, тағы сол секілді мәселелері бар. Олардың бәріне қыруар қаржы жұмсалатындықтан, ол қалалық бюджетке салмақ салады. Сол себепті біз нарықтық экономикада тұрған қала ретінде ондай нысандар өз-өзін асырау керек деп ойлаймыз.
Тәуелсіз бағалаушылар әуежайды 5 млрд 200 мың теңгеге бағалаған. Бұл орайда ешкім бағаны «көтер, түсір» деп айта алмайды. Өйткені тиісті мемлекеттік сараптамадан өткен. Әуежайды сату бойынша жарияланған конкурс талаптарына сәйкес, сатып алушы бюджетке 5 млрд 200 мың теңге төлейді. Оған қоса әуежайдың дамуына он жыл ішінде 6 млрд теңге салу керек, – дейді Мақсұт Пернебайұлы.
Талдау жұмыстарына сәйкес, қазіргі аэропорт өзінің шығындарын ғана жауып отыр. Әрі қарай дамуы үлкен мәселе. Сол себепті қазірден бастап, әуежайды одан әрі кеңейту мақсатында коммерциялық бағыттарға жұмыс істелінуде.
Қазір нарықтық кезең. Мәселен, еліміздің ең үлкен мегаполисі Алматыдағы аэропорт жекеменшікке өткен. Жергілікті билік оған ешқандай қаржы бөлмейді. Керісінше иесі қалалық бюджетке салық төлейді. Біз де осы заңдылыққа көшуіміз қажет-ақ.

Соңғы жаңалықтар