Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кеңесші Айжани Нұрланова Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді.
Жұмыс барысын алдымен қалалық жұмыспен қамту орталығынан бастаған министрлік өкілі мекеме тарапынан «Еңбек» бағдарламасының қалай жүзеге асырылып жатқанын бақылап көріп, мекемеге келушілермен және орталық қызметкерлерімен тілдесті.
Ары қарай жуырда ашылған «Шаңырақ» отбасы институтын қолдау орталығына барып, онда атаулы әлеуметтік көмек алатын, мемлекеттік грантқа ие болған және Жастар практикасына қатысушы азаматтармен кездесті.
Кездесуде халықты жұмыспен қамтуға, халыққа көмек беруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға, олардың республика деңгейінде жүзеге асырылуына кеңінен тоқталған Айжани ханым кездесуге келген бағдарламаға қатысушы халықтың сауалдарының бірін де жауапсыз қалдырған жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 8 айында 26 435 аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның 4607-не шартсыз, 21 828-не шартты. 5372 отбасының табыстары асып кетуіне байланысты тағайындаудан бас тартылған.
Ал, «Жастар практикасы» бойынша ағымдағы жылы 3042 басты қамту керек болса, 8 айда 2099 жұмыссыз жас бағдарлама аясында қаладағы түрлі мемлекеттік және жекеменшік мекемелерге, өндіріс және кәсіпорындарға жолданды.