#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызы тағайындалды.

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкіміне сәйкес қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы лауазымына Есенова Ханзада Әзімханқызы тағайындалды.
Ханзада Әзімханқызы 1972 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика және мәдениет институтын, 2015 жылы Ресей білім академиясы Өнер және мәдениеттану институтын, 2016 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Мамандығы — мәдени-ағарту жұмыстарының маманы-бос уақыт педагогы. Педогогика ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілендіру шебері.
Еңбек жолын 1989 жылы Шымкент қаласы Еңбекші ауданы комсомол жастар ұйымының тіркеу секторының маманы болып бастаған.
1990-1991 жылдары «Шымкент шина» зауытында комсомол жастар ұйымы хатшысының орынбасары болған.
1995-1999 жылдары Шымкент қаласы Оқушылар үйінде балалар мен жасөспірімдер студиясының ұйымдастырушы-педагогы болып жұмыс істеді.
1999-2000 жылдары Алматы қаласында дарынды балаларға арналған «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші маман болып еңбек етті.
2000-2002 жылдары Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық Өнер академиясында шығармашылық насихат бөлімінің меңгерушісі, оқу-өндірістік практика меңгерушісі, директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары болды.
2002-2017 жылдары Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебінің директоры болды.
2012-2017 жылдары Алматы қалалық маслихатының V-VI шақырылымдардағы депутаты болып сайланды.
2018-2019 жылдары Алматы қалалық мәдениет және мұрағаттар басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау Ұлттық комитетінің төрайымы болып еңбек етіп келген.

Соңғы жаңалықтар

Түркістанда жағажай маусымы ашылды

Жағажай маусымының ашылуында DJ Estrella музыкалық бағдарламасының сүйемелдеуімен Drop Entertainment, «Айла» дуэті, «Нұрсезім» триосы және «Шашу» би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары...

Шымкент: Жылыжай кешендерінен жылына 17 мың тонна өнім жиналады

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жылыжай шаруашылығына қолдау артып келеді. Инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік жылыжай шығынының 25 пайызы, тұқымдар мен тыңайтқыштарға жұмсалған қаржының теңге...

Түркістан: 5 жылда 13 жаңа мәдениет нысаны ашылды

Бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістанға тарихи және рухани елорда мәртебесін беру тапсырмасы аясында жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы Түркістан облысында соңғы 5 жылда 13...

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізді

Жиынның алғашқы күні еліміздің әрбір аймағынан арнайы келген делегаттар ұлт келешегі үшін өзекті мәселелерді талқылады. Ал екінші күнгі негізгі жиында Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған қауым...

Түркістан: Түлкібастықтар туристерге ұлттық салт-дәстүрлерді таныстырды

Этноауылда киелі шаһарға келген туристерге түлкібастық өнерпаздар бесікке салу, құда түсу, қыз ұзату, беташар, тұсау кесу сынды әдет-ғұрпымызды таныстырды. Шараның алғашқы күні «Visit Turkistan» орталығы...

Д.Сатыбалды: Түркістан қаласына инвестиция тартуға басымдық беріледі

Көшпелі мәжілісте шаһардың өзекті мәселелері ортаға салынып, шешу жолдары талқыланды. Халықпен алғашқы жартыжылдықтағы кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысы сараланды. Өңір басшысы кемшіліктерге жеке-жеке тоқталып,...

Түркістаннан Солтүстікке көші-қонға ерекше назар аударылады

Бүгін Түркістан облысына «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Әлфараби Мыңбай, ішкі көші-қон мәселесімен айналысатын «Tauekel» қоғамдық ұйымының төрағасы Бурахан Даханов, Ақжар ауданының...

Түркістан: Ерте пісетін голландиялық картоп жиналуда

Алғашқылардың бірі болып, Қабланбек ауылдық округінде орналасқан «Айдын» шаруақожалығы иелігіндегі 3,0 га егістік алқабындағы картопты жинап, гектарына 22,5 цн өнім алуда. Биылғы жылы ауданда 10,5...

Түркістан: 42 мыңнан астам өтінім қабылданған

Бұл жүйе арқылы қала тұрғындарының жергілікті атқарушы органдарға келу қажеттілігі мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мәселелерді жылдам шешу мақсат етілген. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан...