#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Шымкент: Қала әкімі М.Әуезов атындағы оқу орны ұжымымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымымен кездесті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы...

Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынуда

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Аталған серіктестік көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын жасайды. Оны тамақ өнеркәсібі мен...

Түркістан: «Праймериз» ақпараттық жүйесіне барлық төраға тіркелді

Өткен аптада Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелген болатын. Бұл праймериздің аса маңызды саяси оқиға екенін білдіреді. Бүгінде партия басшылығының тапсырмасымен...

Шымкент: Абаттанған көшелер тұрғындар игілігіне берілуде

Шымкентте бірқатар көшелерде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік. Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде...

Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды

Бүгін Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қ.А.Яссауи кесенесінде «Береке, бірліктің символы – Тайқазан» атты көрме ашылды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі алты ғасырлық тарихы...

Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы деп қайта атау,...

Шымкент: Өтеміс каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Шымкентте Өтеміс елдімекенінде орналасқан Өтеміс каналында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков және орынбасары А.Джанбатыров құрылыс...

Шымкентте емханаға тіркелу науқаны басталды

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішев мәлімдеді.

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Ғалымжан Әбішев мәлімдеді.
– Елімізде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымының (МСАК) жыл сайынғы еркін таңдау бойынша тіркеу кампаниясы басталуда. Оған тұрғындар екі ай ішінде (15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін) тіркеле алады. Дәрігер тіркелген пациенттердің денсаулығын бақылауы үшін емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерде таңдау ұсынылуда. Яғни, емхана дәрігерлері қажет болған жағдайда пациенттердің үйіне бара алады. Бұл, әсіресе, пандемия кезінде өте маңызды, – деді Ғалымжан Мотайұлы.
Брифинг барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының бөлім басшысы А.Биден тіркелген азаматтарға медициналық көмектің қашан берілетініне тоқталды.
– Кампания кезінде МСАК ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық көмек ала бастайды. Бұл ретте медициналық ұйым Қормен алдағы жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек қызметтерін көрсетуге шарт жасасуы тиіс. Тіркелу науқанының қорытындысы бойынша медициналық ұйымдар бөлінісінде халықтың бөлінуін ескере отырып, 2021 жылға арналған қаржыландыру жоспарланады. Қор дерекқордың абсолютті дұрыстығына мүдделі. Өйткені әрбір тіркелген тұрғын үшін медициналық ұйымдарға ай сайын жан басына шаққандағы қаржыландыру төленеді, – деді Ахмет Сисенбайұлы.
Емханаға тіркелу бірнеше жолмен жүзеге асырылады:
1. Электрондық үкіметтің www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүгінген кезде тіркеу ЭЦҚ болған кезде жүргізіледі. Денсаулық сақтау бөлімінде «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Емхана пациент туралы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Операция сәтті болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде тіркеу туралы хабарлама беріледі.
2. Халықтың жекелеген санаттары тікелей емханаға тіркеле алады. Ол үшін еркін нысандағы өтініш пен жеке басын куәландыратын құжатты беру қажет. Бұл санаттарға зейнеткерлер, мүгедектер, заң бойынша бала кезінен мүгедекке тағайындалған қамқоршылар, сондай-ақ, қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронат тәрбиешілер, колонияларда (өтеу орны бойынша) жазасын өтеп жатқан сотталғандар, студенттер, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, шет мемлекеттерде туған балалар және сенімхат бойынша тіркеуді ресімдейтін адамдар жатады.
Баспасөз мәжілісінде белгілі болғандай, тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызмет көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелу үшін қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.
Айта кетейік, барлық азаматтар – сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне құқылы. Жоспарлы емдеуге жатқызу, бейінді мамандардың қабылдауы, қымбат тұратын тексерулерден өту және жоғары технологиялық ем алу үшін МӘМС жүйесінде сақтандырылған болуы қажет. Сақтандыру мәртебесін Электрондық үкімет порталында, Қор сайтында және Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу...

Шымкентте «Астана балет» театрының ұжымы онлайн концерттік бағдарламасын ұсынды

Бүгін Шымкент қаласында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде белсенді қызмет атқарған медицина және полиция қызметкерлеріне арналған «Астана Балет» театры ұжымының онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттің...

Түркістан: «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп,...

Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда шаһарда 3...

Шымкент: Бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары...

Шымкент: Электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты

Заман талабына сай жаңадан іске қосылған кәсіпорын кәсіпкерлерге генератордың немесе басқа да электротехникалық жабдықтың оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бүгінде «KG Power» зауыты энергия ресурстарын басқару...

Түркістан облысы атом және энергетикалық қадағалау комитетінің департаменті мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Меморандум Түркістан...

Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынуда

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Аталған серіктестік көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын жасайды. Оны тамақ өнеркәсібі мен...

Праймеризде Жетісайлық 7279 партия мүшесі дауыс береді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 85 үміткер праймериз барысында өзара сынға түсуде. Үміткерлердің 34 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болса, 31-і 35-50 жас аралығындағы, 25-і...