#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкент: Төрт білім ұйымына ашық конкурс арқылы мектеп директорлары тағайындалды

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Instagram әлеуметтік желісінде жария етті.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Instagram әлеуметтік желісінде жария етті.
– Шымкенттің мектептеріне директор болғаннан, депутат болу оңай болар, сірә. Кім шықпады дейсіз? Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Ешкімге қарама, таза өткіз» деп тапсырды. Бәріне айтарым бір жауап болды: Мектептің директорын мен шешпеймін, заңда көрсетілген процедуралар бар. Содан өтіп қана директор бола алады.
Жеті кезеңнен тұратын (суретте) сынақты таза өткізу де сын болды. Әр кезеңге ықпал еткісі келген күштер де жетті.
Сонымен, қорыта айтсақ, 10 мемлекеттік білім беру ұйымы басшысына 38 үміткер тапсырды. 4-кезеңге жеткенше 20 адам құлады. 2 ұйым тіпті директорға үміткерсіз қалды.
5-кезеңде үміткерлер қамқоршылық кеңесінен өтеді. Кеңестер тағы 11 адамды құлатты. 5 ұйымға 9 үміткер қалды.
6-айналымда үміткерлер комиссияның сұрақтарына жауап беріп, батасын алу керек. Комиссияның құрамына кімдер кіреді? Өмір Шыныбекұлы, Жанысбек Өтеген (суретте) бастаған ағаларымыз комиссияның төрінде отырып, шешім шығарды.
Конкурстық комиссия ұсынысымен №2 мектеп-интернатына Сауранбаев Сапарғали, №72 мектепке Усманов Бегмат Нұраліұлы, №135 мектепке Михеев Берік Елтайұлы, №10 колледжге Елшиева Альбина Балғабайқызы аталған білім мекемелерінің басшысы лауазымына лайық деп танылды.
Ал қалған 6 білім мекемесінің бос басшылық лауазымына лайықты үміткерлер болмады, — деді Ш. Мұқан.

Соңғы жаңалықтар