#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Шымкент: Абаттанған көшелер тұрғындар игілігіне берілуде

Шымкентте бірқатар көшелерде жол-құрылыс жұмыстары аяқталды. Қыркүйек, қазан айларында абаттанған көшелерді тұрғындар игілігіне беру жоспарланғанын бұған дейін хабарлаған едік. Атап айтқанда, Самал-2 шағынауданындағы Ризалық көшесінде...

Түлкібас ауданы биыл алма өндіруден рекордтық көрсеткішке қол жеткізбек

Түркістан облысы Түлкібас ауданында алма бауды дамыту жылдан-жылға қарқын алып келеді. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2001-2019 жылдар аралығында отырғызылған алма бау көлемі – 2 578...

Елбасының сыныптасы Жетісай халқымен кездесті

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, Тұңғыш Президентіміз Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы жерлесіміз, ауданның құрметті азаматы Роза Төлемісова аудан жұртшылығымен кездесті. Кездесу...

Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Шымкент қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Шыңғыс Мұқан этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша этномәдени бірлестіктермен кездесу...

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу...

Шымкент: Қала әкімінің бірінші орынбасары зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасын Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы деп қайта атау,...

Шымкент: Жалпықалалық сенбілікке 30 мыңнан астам адам қатысты

World clean up day Дүниежүзілік акциясы аясында Шымкент қаласында сенбілік өтті. Дүниежүзілік акцияның мақсаты - экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу. Аталған сенбілікке...

Шымкент: Қала әкімі күн электр станциясының құрылысы барысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала маңынан салынып жатқан күн электр станциясына барып, қуаттылығы 20 МВат болатын нысанның құрылысымен танысты.
Электр энергиясын өндіретін нысанның құрылысы әкімдік пен «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ-ның қолдауымен ресейлік инвесторлар «Хевел» компаниясы жүзеге асырып жатыр. 50 гектар жерге салынып жатқан жобаның құны 6,2 млрд теңгені құрайды.
Мамандардың айтуынша, мұнда 49 мыңнан астам күн модульдері тұрады екен. Жылына 38 млн тг/кВт*сағ энергия өндіріледі деп күтілуде. Яғни, станция өндірген электр энергиясын 10 мың үй тұтына алады.
Жобада тиімділігі жоғары гетероқұрылымды екі жақты күн модульдері қолданылып жатыр. Өз кезегінде бұл электр энергиясын өндіруді 20% — ға арттыруға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша күн электр станиясының құрылысы биыл қазан айында аяқталуы тиіс. Атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан Мұрат Әйтенов станция жұмысына жергілікті кадрларды тартып, отандық өнімдерді пайдалану қажеттігін айтты. Айта кетейік, «Хевел» компаниялар тобы 2009 жылы құрылған және Ресейдегі күн энергетикасы саласындағы ең ірі интеграцияланған компания болып табылады. Еліміздегі жобаны іске асыру құқығы берілген «Hevel Kazakhstan (Хевел Казахстан)» ЖШС-і осы «Хевел» МК еншілес компаниясы.

Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Түркістан көшесіндегі жөндеу жұмыстары қатаң бақылауда

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөндеуден өтуде. Атап айтқанда, асфальтбетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу...

Шымкентте «Астана балет» театрының ұжымы онлайн концерттік бағдарламасын ұсынды

Бүгін Шымкент қаласында елімізде жарияланған төтенше жағдай кезеңінде белсенді қызмет атқарған медицина және полиция қызметкерлеріне арналған «Астана Балет» театры ұжымының онлайн концерттік бағдарламасы ұсынылды. Концерттің...

Түркістан: «Birgemiz» қоры арқылы Мақтааралда 32 үй салынып жатыр

Мамыр айында Өзбекстандағы «Сардоба» су қоймасындағы апатқа байланысты Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында бірнеше ауылды топан су басқан болатын. Бүгінде Мырзакентте жаңа шағынаудан бой көтеріп,...

Шымкентте еріктілер мектебі ашылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп бекіткен. Осыған сәйкес еріктілер жылын кең көлемде өткізу мақсатында Шымкентте қарқынды жұмыстар атқарылуда. Қазіргі таңда шаһарда 3...

Шымкент: Бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды

Шымкентте бірқатар көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жалпы құрылыс жұмыстарын қыркүйек-қазан айларында аяқтау жоспарланған болатын. Атап айтқанда, Қазығұрт шағынауданындағы «Құрылыс» көшесінде орташа жөндеу жұмыстары...

Шымкент: Электротехникалық жабдықтар шығаратын зауыттың өндірістік қуаты артты

Заман талабына сай жаңадан іске қосылған кәсіпорын кәсіпкерлерге генератордың немесе басқа да электротехникалық жабдықтың оңтайлы нұсқасын таңдауға көмектеседі. Бүгінде «KG Power» зауыты энергия ресурстарын басқару...

Түркістан облысы атом және энергетикалық қадағалау комитетінің департаменті мен кәсіпкерлер палатасы меморандумға қол қойды

Құжат кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, қызметінің ашықтығы мен тиімділігі бойынша бірлескен іс-шаралар өткізуді көздейді. Меморандум Түркістан...

Шымкентте Орта Азиядағы алғашқы алюминий құты шығаратын зауыт салынуда

Шымкенттегі «ЕвроКристалл» ЖШС еліміздегі алпауыт кәсіпорындардың бірі. Аталған серіктестік көлемі 150 мл-ден 2 литрге дейінгі әртүрлі формадағы шыны ыдыстарын жасайды. Оны тамақ өнеркәсібі мен...

Праймеризде Жетісайлық 7279 партия мүшесі дауыс береді

Түркістан облысы Жетісай ауданында 85 үміткер праймериз барысында өзара сынға түсуде. Үміткерлердің 34 пайызы 35 жасқа дейінгі жастар болса, 31-і 35-50 жас аралығындағы, 25-і...