#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мырзакент кентінің орталық стадионы күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион құрылысымен танысты

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов аудан орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион құрылысымен танысты, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Спорт алаңының сыйымдылығы 2066 көрерменге арналған. Жобаның жалпы конкурстық құны 240 миллион теңге. Қазіргі таңда Республикалық бюджет есебінен 142 миллион теңге қаржы игерілді. Нысанның құрылысын мердігер «ПМК-7К» ЖШС жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, «Улмад» ЖШС техникалық қадағалаушы қызметін атқарса, «Сантех-Строй Проект» ЖШС авторлық қадағалаушы. Нысанның құрылысын 2020 жылдың қараша айында аяқтау жоспарланған.
Қазіргі таңда спорт алаңында көрермендерге арналған орындықтар орнатылуда. Сондай-ақ, алаңға газон өсіру үшін Алматы қаласынан арнайы мамандар шақырылмақшы.
Аудан әкімі Бақыт Насырханұлы құрылыстың сапасын тексеріп, кейбір кемшіліктер бойынша құрылысқа жауапты мамандарға ескертулер жасады. Сондай-ақ, аудан басшысы нысанның құрылысын уақытылы аяқтау керектігін қадап айтты.
Айта кетейік, Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион 1976 жылы пайдалануға берілген болатын.

Соңғы жаңалықтар