#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Өмірзақ Шөкеев Түркістанда биыл іске қосылатын жаңа нысандарды аралады

Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Биыл жыл соңына дейін Түркістан қаласында 15 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев әкімшілік-іскерлік орталығында бой көтерген жаңа нысандарды аралап, құрылыс барысын бақылады. Аймақ басшысы аралап көрген Конгресс орталығы, Оқушылар сарайы, стадионның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жихаздары қойылып, абаттандыру және газонды толықтыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Рухани-мәдени орталығындағы 4 нысанның да құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Драма театрда бүгінгі таңда сыртқы және ішкі әрлеу, инженерлік желілерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 150 адам жұмылдырылған. Мәдени ошақтың жиһаздары жасақталып, заманауи театрлық құралдары орнатылады.
Ал, Ұлы дала елі орталығы мен Қ.А.Яссауи мұражайында сыртқы қас бетін қаптау, инженерлік жүйелер, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ғылыми-әмбебап кітапханасында сыртқы рамаларын орнату, темір конструкциясын монтаждау және бетондау жұмыстары, витраждар орнату мен ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 50 адам жұмыспен қамтылып отыр.
Өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс басында жауапты басшыларға жұмысты кестеге сай аяқтап, ғимараттарды тездетіп пайдалануға беруді тапсырды. Жалпы, Түркістан облысы бойынша құрылыс жұмыстарына 9000-нан астам адам жұмылдырылған. Құрылыс алаңына айналған Түркістан қаласында 4000-нан астам құрылысшы еңбектенуде. Жұмысшылардың барлық еңбек жағдайы мен сақтық шаралары қатаң қадағаланған.

Соңғы жаңалықтар