#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Мақтааралда онлайн режимде тамыз кеңесі өтті

Мақтаарал ауданында онлайн режимде дәстүрлі "Тамыз кеңесі-2020" іс-шарасы өтті.

Мақтаарал ауданында онлайн режимде дәстүрлі «Тамыз кеңесі-2020» іс-шарасы өтті. «Білім және ғылым: қашықтан оқытудың ерекшеліктері» атты аудандық кеңеске аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, білім саласының қызметкерлерін жаңа оқу жылымен құттықтады.
«Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Дәстүрге айналған Тамыз конференциясы – ұстаздар қауымы бас қосатын маңызды жиын. Бүгінгі күні – білім беру мазмұнына, оқушы тұлғасы мен педагог қызметіне деген көзқарастар өзгерген кезең. Білім беру ісі – бұл тамыры тереңде жатқан, ұлт пен дінге бөлінбейтін, бір күн немесе бір жылда көрінбейтін ғаламат құндылық» — деді Бақыт Насырханұлы.
Өткен жылғы атқарылған жұмыстарға талдау жасап, алдағы жаңа оқу жылына қойған міндеттерді саралайтын іс-шараға аудан әкімінен бөлек аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, ауданның прокуроры Ж.Ботабеков, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ә.Сапарбеков, сондай-ақ аудандағы барлық білім мекемелерінің басшылары, білім саласы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар комитеті мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Онлайн жиын барысында 2019-2020 оқу жылында білім саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы ауданның білім бөлімінің басшысы М.Серикбаев кең көлемде баяндама жасады. Сондай-ақ, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Д.Әбдіғалиға, Ж.Нұрлыбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры К.Абдироваға және «Үлгілі» балабақшасының меңгерушісі М.Ақбалаеваларға сөз кезегі беріледі.
Кеңесте 4 адам жарыссөзге шығып, ауданда білім саласын дамыту бойынша пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында ауданның бас ұстазы М.Серикбаев жаңа оқу жылының міндеттері мен ұсынымдары аудандық БАҚ беттерінде жарияланатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

«Ауыл аманатының» өнімдеріне сұраныс көп

Сенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Бұл жолғы жәрмеңкені Қобда ауданы бастап отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әр сенбі сайын өткізілетін...

«Ауыл аманаты» — ауылдықтар үшін пайдалы жобаға айналды

Мысалы, Қаратал ауданының Жасталап ауылының тұрғыны Ерғазы Болат «Ауыл аманаты» шеңберінде жылдық 2,5% мөлшерлемемен 3 млн. 420 мың теңге алды. Бұл соманың 3 млн....

«Ауыл аманатының» игілігін көріп, табысын арттыруда

  Ел ішінде қолтығымыздан деме­се, дем беріп жебесе, нарық айдынын­да судағы балықтай еркін жүзіп кетер едік деген сөз жиі айтылады. Әрине, дү­ние құралу үшін оң...

«ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫНЫҢ» БЕРЕРІ МОЛ

Қасиетті мекен тұрғындары 128 мың болса, соның 36 мыңы жастар. Яғни жалпы  халықтың 27,1 пайызы белсенді топ. Аудан жастиарын тұрақты жұмыспен қамту, бизнеске тарту...

Жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 376,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына...

2023 жылғы 1 желтоқсанға 595 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Бұрын хабарланғандай, АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы...

Сенат арнайы әлеуметтік төлемдерді енгізу бойынша заңнамаға түзетулерді мақұлдады

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмасын орындау үшін, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында...

Елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы аясында «Баршаға мүмкіндік» модульдік бекеттері ашылды

Енді астаналық өтініш біл­ді­ру­шілер мемлекеттік қолдау шара­лары жөнінде кеңес ала алады, сондай-ақ жекелеген ма­мандықтар, әсіресе фрилансерлерге арналған мамандықтар бо­йынша курстан өтіп, жұмыс табуға мүмкіндік...

Жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектерді жұмыспен қамтуға басымдық беріледі

Сонда кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа барғысы келмейтін дипломды маман ба, әлде қолайлы жағдай жасай алмай отырған Үкімет пе? Ұлттық статистика бюросының де­ре­гін бағдарласақ, қазір...