#Президент

#Абай

#Коронавирус

#Түркістан

#Руханият

#Shymkent

#ТМД мәдени астанасы

Редакция таңдауы

Алматы әуежайына мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетелдік депортацияланды

Алматы халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды,- деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына Египет,...

Тұңғыш Президент күніне арналған байқаудың жеңімпаздары марапатталды

Алматыда Тұңғыш Президент  күніне арналған "Мен жастарға сенемін!" VIII Республикалық жастар форумының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биылғы жылы инновация және шығармашылық, жасампаздық призмасы арқылы...

Омбыда Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығын атап өтті

Қазақстанның Омбы қаласындағы Консулдығы әлемдік ғылымның атақты өкілдерінің қатарында лайықты орны бар ұлы қазақ зерттеушісі, ағартушысы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына...

Қос азаматтықпен жүрген 90 адам анықталды

Павлодар облысында қос азаматтықпен жүрген 90 адам анықталды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір...

Елордалық әйел ер адам болып киініп, туыстарының әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен

Нұр-Сұлтанда әйел адам ер адам болып киініп, туыстарының үйіне кіріп, әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Полицейлердің мәліметінше, 39 жастағы...

Түркістан: Жолаушылар тасымалы саласына серпіліс керек

Түркістан қаласында қоғамдық көліктердің жай-күйі талқыланған жиын өтті. "Nur Otan" партиясы Түркістан қалалық филиалы ұйымдастырған жиынға партияның саяси кеңесінің мүшелері қатысты. Жиында қоғамдық көлік...

«Дарын» сыйлығының лауреаттары анықталды

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2020 жылғы "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды ADYM.KZ  Egemen.kz басылымына сілтеме жасап. Аталған сыйлық жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық...

Қазақстан Президенті жазушы Мархабат Байғұтты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты 75 жылдығымен құттықтады.

Президенттің құттықтауын Түркістан облысы әкімнің орынбасары Сәкен Қалқаманов Түркістанда өткен «Түркілер төрі Түркістан» онлайн конференциясында оқып берді.

«Құрметті Мархабат Байғұтұлы!

Сіз қазақ әдебиетінің дамуы  мен өркендеуі үшін аянбай қызмет етіп келе жатқан қазақтың қабырғалы жазушыларының бірісіз. Сіздің қаламгерлік қарымыңыз бен қайталанбас шығармаларыңыз қазақ халқының ұлттық мінезі мен болмысын, әлеуметтік жан тебіренісін дәл бейнелеуімен  ерекше. «Дауыстың түсі», «Серт пен сенім» сияқты прозалық жинақтарыңызды, әлем әдебиетінен жасаған сәтті аудармаларыңызды көпшілік жылы қабылдағанын білемін.

75 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен  сізді шын жүректен құттықтаймын! Ұлттың руханияты үшін талмай еңбектеніп, әлі де талай өлмес туынды жазарыңызға сенемін. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілеймін» делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, Қазақстан Журналистер одағы және Жазушылар одағының Түркістан облыстық филиалдарының бірлесе ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам адам онлайн жүйесі арқылы қатысты.

Түркістан өңіріндегі тарихи маңызы бар қасиетті жерлерді насихаттаудағы әдеби шығармалардың рөлі, мүмкіндіктері мен әлеуетін жан-жақты талқылау, қастерлі құндылықтарымызды көпшілік аудиторияға әдеби, тарихи және публицистикалық тұрғыда жеткізудің тың жолдарын қарастыру тақырыбында өтіп жатқан конференция аясында биыл 75 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан жазушы, «Алаш» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» кітабының таныстырылымы өтті. Елімізге белгілі ғалымдар, қаламгерлер, Сенат, Мәжіліс, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, аудан, қала әкімдері, сондай-ақ, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінің жазушылары, әдебиеттанушылары қатысып, сөз сөйлеген конференцияда Түркістанның тарихына, оның  мән-маңызына қатысты құнды пікірлер айтылды.

Соңғы жаңалықтар

Польшада қазақстандық жауынгерлердің 56 қабірі табылды

Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың әскери-тарихи мұражайына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польшада қаза тапқан және сонда жерленген 50-ден астам қазақстандық жауынгердің тізімі берілді, - деп хабарлайды...

Омбыда Шоқан Уәлихановтың 185 жылдығын атап өтті

Қазақстанның Омбы қаласындағы Консулдығы әлемдік ғылымның атақты өкілдерінің қатарында лайықты орны бар ұлы қазақ зерттеушісі, ағартушысы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына...

Дмитрий Баландин жүзуден Қазақстан чемпионы атанды

Ақтөбеде өтіп жатқан жүзуден Қазақстан чемпионатында ерлер арасындағы бәсеке басталды, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Olympic.kz.  сілтеме жасап. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден...

Таразда моншадағы өрт дүкен мен үйді алып кеткен

Тұрғын үй моншасындағы өрт Тараздағы дәмхана мен дүкенді алып кетіпті, деп хабарлайды ADYM.KZ Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, өрт 27...

Ақтөбе облысында жол апатынан жолаушы көз жұмды

27 қарашада "Ақтөбе-Орск" республикалық маңызы бар тас жолының Қосестек ауылының тұсындағы учаскеде жол апаты болды, салдарынан соқтығысқан көліктердің біреуінің жолаушысы оқиға болған жерде көз...

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аударылып түсті

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жыраға аудалырып түсті, зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды ADYM.KZ  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Жол-көлік оқиғасы Новодолинский ауылының маңындағы автожолда болды....

«700-ден аса киік мүйізі тәркіленді». БҚО-да браконьерлер ұсталды

Батыс Қазақстан облысында ақбөкен аулаған браконьерлер ұсталды, - деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. ІІМ Криминалдық полиция департаменті Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментімен бірлесіп,...

Алматы әуежайына мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетелдік депортацияланды

Алматы халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген шетел азаматы депортацияланды,- деп хабарлайды ADYM.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасының аумағына Египет,...

Данияр Елеусінов – IBF Inter-Continental чемпионы

АҚШ-тың Холливудінде өткен бокс кешінде жерлесіміз Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық былғары қолғап шебері Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды...