Шымкент қаласының 3549 тұрғыны «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өтті. Оның 2820-на оқуды аяқтағаны туралы сертификат берілсе, 729-на қатысқаны туралы сертификат табысталды.
Кәсіпкерлік негіздерін меңгерген түлектер оқу аяқталған соң тест тапсырады. Үш мүмкіндік беріледі. Емтиханнан өтпесе, тек оқуға қатысқаны жөнінде ғана сертификат алады. Егер тестіден жақсы нәтиже көрсетсе, оқуды бітіргені жайлы сертификат алып, грантқа үміткер болады. Грант қайтарымсыз, бірақ мониторингтік топ арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Яғни бұл – әлеуметтік көмек емес, кәсібін бастаушы кісілерге бизнес жоспарын іске асыруына жасалып жатқан мүмкіндік.
Арнайы құрылған комиссияның қорытындысынан кейін жобасы мақұлданған бағдарламаға қатысушылар мемлекет тарапынан берілетін 200 АЕК көлеміндегі грантты алатын болады. Биыл карантиндік шараларды ескере отырып, бұл жобаға тіркелу мен оқу қашықтықтан (онлайн) «Atameken Academy» платформасы арқылы өтуде. Жобаға қатысушылар ең алдымен халықты жұмыспен қамту орталығынан жолдама алуы тиіс. Ары қарай «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасына келмей-ақ, оқуға онлайн тіркеле алады. Ол үшін жеке басын куәландыратын құжатты және халықты жұмыспен қамту орталығы берген жолдаманы https://atameken.co/kk/course-bastau сілтемесіне жүктейді. Оқу мерзімі – 21 күн. Дәрістерді кәсіби дайындалған бизнес жаттықтырушылар оқиды