Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте бірқатар лауазымдық тұлғалардың тәртіптік істері қаралып, тәртіптік жазаға тарту бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді.
Мәселен, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары ең төмен баға ұсынған тиісті мердігердің ұсынысын назарға алмай, мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарын бұзған.
Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу кезінде өзге әлеуетті өнім берушілердің жеңімпаз болуына жағдай жасап, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, аталған Басқарма басшысы орынбасарына «ҚЫЗМЕТКЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Сонымен қатар, «ҚЫЗМЕТКЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысына да ұсынылды.
Аталған лауазымды тұлғамен орта білім беру ұйымдарындағы жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және отбасы төмен жанұядан шыққан балаларды бір мезгіл ыстық тамақпен тамақтандыру бойынша заңнама талаптары бұзылған.
Атап айтқанда, заңнама талаптарына сәйкес, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда келісімшарт мерзімін ұзарту көзделген. Бұл ретте, 18 өнім берушілер тарапынан қызмет көрсету барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмағандығына қарамастан (тамақ жұғындыларынан ішек таяқша тобының бактериялары анықталған), Сайрам аудандық білім бөлімінің басшысы аталған өнім берушілермен келесі оқу жылы кезеңіне келісімшартқа тұрып, құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетілген.
Атап өту қажет, Сайрам ауданында 73 мектепте 1790 жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және отбасы төмен жанұядан шыққан балалар білім алады. Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі кеңесте Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы және Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы тарапынан Әдеп кодексі нормаларын сақтамағандығы үшін аталған мемлекеттік қызметшілерді тағайындаған лауазымды тұлғаларға тиісті тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды. 2020 жылдың І-жартыжылдығында Әдеп жөніндегі кеңесте 37 тәртіптік іс қаралып (Әдеп нормаларын бұзу – 22 (60%), мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар – 15 (40%), нәтижесінде 16 қызметші әртүрлі тәртіптік жазаға тартылған.