#Қазақстан

#Түркістан

#Мәдениет

#Тәуелсіздік30

#Руханижаңғыру

#Shymkent

#Covid-19

Редакция таңдауы

Шымкентте 294 заң бұзушылық анықталған

Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Ералы Жұмаханбетовтің қатысуымен брифинг өтті.

Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Ералы Жұмаханбетовтің қатысуымен брифинг өтті.

Онда қаладағы карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша сөз қозғалды.

– Шымкент қаласында карантиндік талаптардың сақталуына арнайы мониторинг жасап жатқан мобильді топ заң бұзушылық 294 жайтты анықтаған.

Атап айтсақ, ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша 78, шаштараз, массаж, монша, сауна, әсімдік салондар бойынша 19, сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша 123 және басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) 74-ті карантин талаптарын бұзған.

Бұдан бөлек 139 құқық бұзушылық қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде, онымен қоса 45 жеке тұлға көпшілік орында бетпердесіз жүргені анықталды.

Бұл заң бұзушылық жөніндегі іс-құжаттар Шымкент қаласы аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданды, – деді Е. Жұмаханбетов.

Полиция департаментінің басшысының айтуынша, қалада карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425-бабы (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) 1-бөлімімен 238 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 13 миллион 85 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Соңғы жаңалықтар